Құтқарушылар Алматы тұрғындарын тауға шығудан бас тартуға шақырды

14.02.2024 в 09:10

Қар көшкінінің басым бөлігі тау етегінде тоқтаса, қалған бөлігі көлге түсті

«Қазселденқорғау» ММ мамандары «Қазгидромет» РМК мамандарымен бірлесіп көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру кезінде Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде, сондай-ақ Талғар өзені алқабында  жалпы көлемі 13750 текше метр қар көшкіні өздігінен түскенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қар көшкінінің басым бөлігі тау етегінде тоқтасағ қалған бөлігі көлге түсті. "Қазселденқорғау", Алматы қаласы полиция мен ТЖ департаменттері қызметкерлері блок-беккеттер қою арқылы халықтың жүріп-тұруын шектеді. Қабылданған шаралардың арқасында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ.

Қардың бір бөлігі Үлкен Алматы өзеніне апаратын автожолды жауып тастады. Қабылданған шаралар арқылы жол тазартылды, залал болған жоқ.

"Қазселденқорғау" және Алматы қаласы ТЖД мамандары қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейіне байланысты (тау беткейлеріндегі қардың тұрақсыз күйі) жақын күндері тауға, оның ішінде Богданович мұздығы ауданына бармауға кеңес береді.

Алматы қаласының ТЖ және полиция департаменттері осы автожол бойында алдын ала автокөліктің жүруін шектейтін блок-бекет қойды. Қауіпті учаскелерде ескерту қалқандары орнатылды.

Өз кезегінде, "Қазселденқорғау" қауіпті кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 9200 м3 астам 4 профилактикалық қар көшкінін түсірді (шамамен 10 мың).

Оқи отырыңыз: Ауа райына байланысты 11 облыста 46 жол жабылды