Алматыдан 303 км қашықтықта жер сілкінісі болды

04.03.2021 в 09:12

Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты 9.6

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 4 наурыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 01:07-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 303 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты 9.6. Магнитудасы MPV 4.1. Бағыты 40.73° с.б, 78.43° ш.е. Тереңдігі 15 км.