Петропавл көшелерінің бірінен табыт табылды

23.08.2023 в 09:20

Оны полицейлер анықтаған

Петропавлда әлдекімдер лақтырып тастаған табыт табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавловск.news жазуынша, көше маңында жатқан табытты полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде тауып алған.

«Полицейлер бұл арнайы жәшікті Жуков көшесі, 17 мекенжайында орналасқан «Qyzyljar qalalyq meshiti» мәйітханасының қызметкерлері шығарып тастағанын анықтады. Қазіргі уақытта ағаш қорап ғимарат ішіне кіргізілді», - деп облыстық ПД өкілдері.