Ақтаудағы ТЖО-да жарылыс болды

13.01.2023 в 09:27

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр

Ақтаудағы техникалық жөндеу орталығынан өрт шықты. Бір мезетте 6 газ баллоны жарылып, салдарынан әйел адам көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv.

3 ер адамды күйік шалды. Айтып келмейтін апат кеше кешкісін болған. Төтеншеліктер ғимарат ішінен 17 газ баллонын алып шығыпты. Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 25 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылыпты.

«Ішінде ТЖО-да жұмыс істейтін бір әйел қайтыс болды. Жарылыстың неден болғаны белгісіз. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Жағдай тергеуден кейін анықталатын болады», – деді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жандос Кенжебаев

Оқыс жағдайдан зардап шеккен 3 адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

«Қазір жансақтау бөлімінде. Екеуі аппаратта жатыр. Жағдайы ауыр. Сол жақта дәрі-дәрмектерін толық алып жатыр. Бәрі бар. Травматология бөліміндегі науқас ол жағдайы тұрақты. Ем алып жатыр», – деді облыстық аурухананың травматолог дәрігері Самалбек Байболұлы.