Аягөзде бір үйдің 4 баласы өртеніп кетті

26.10.2023 в 09:28

Өрт себебі анықталып жатыр

2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасы жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына 6 адамнан тұратын құтқарушы бригадасы жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаз бен жеке заттар жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнынан төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы қашан ашылады