Оралда жүк көлігі самокат тепкен екі қызды қағып кетті

23.05.2023 в 09:32

Олар ауруханаға жеткізілді

22 мамырда Оралда сағат 16:20 шамасында 1975 жылғы жүргізуші тізгіндеген Газ-А64R45-50 көлігі Назарбаев және Хусаинов көшелерінің қиылысында 2002 және 2003 жылғы электросамокаттағы жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан екі қыз ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оларды қарағаннан кейін үйіне жіберді.

"Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 600 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.