Қостанай облысында ер адамды шынжырға байлап, өлтіріп кеткен

27.08.2019 в 09:32

Қазір қылмыстық сот сауда-саттық құрбаны болып, қаза тапқан ер адамның ісін қарап жатыр

Қостанай облысында ер адамды шынжырға байлап, өлтіріп кеткен, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Ер адамды өлтіру бойынша істі Қостанай облыстық соты қарастырып жатыр. Оны 2016 жылы құлдықта ұстаған, алайда ол туралы 2019 жылы ғана белгілі болған, Қазір қылмыстық сот сауда-саттық құрбаны болып, қаза тапқан ер адамның ісін қарап жатыр.

"Жәбірленуші Меңдіқара ауданында құлдықта болған. Оны шынжырда ұстап, байлап отырған. Лас қолдарымен қазаннан ас ішкені үшін оны өлтіріп тастаған. Ал оған тамақ бермей, аш ұстаған", - дейді "Дамыту" қоғамдық қорының төрайымы Нина Кисюк.

Төрайым сауда-саттық құрбандары көп екенін айтады. 2017 жылы Қостанай облысында 40-қа жуық жәбірленуші болса, оның 20-сы Өзбекстан азаматтары болған. 2018 жылы 13 адам, ал биыл 4 адам сауда-саттық құрбаны болыпты.