Екібастұз жылу электр орталығында апат: құбыр жарылды

10.12.2023 в 09:39

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр

10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС компаниясы ақау сағат 05:30-да ретке келтірілгенін хабарлады.

Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехының қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорын бірнеше сағат ішінде қазандық сорғы стансасын іске қосу жұмыстары аяқталып, содан кейін көмірмен жұмыс істейтін ыстық су қазандықтары кесте бойынша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлады.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, қалада 26 градус суық. Қала тұрғындары үйінде жылу жоқ екенін айтып, шағымданып жатқан жоқ. Апат жылу жүйесіне әсер етпеген.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында бензовоздың қатысуымен болған апаттың себептері нақтыланды