Жаркентте үш жасар бала каналға құлап көз жұмды

22.05.2023 в 09:56

Бала өзінің үйінің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен

Жаркентте ұшты-күйлі жоғалып кеткен үш жасар бүлдіршіннің мәйіті суару каналынан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алмалы кентінің тұрғындары Жетісу облысы Панфилов ауданының полицейлеріне 3 жасар баланың жоғалып кеткені туралы өтінішпен жүгінген. Олардың айтуынша, бала өзінің үйінің ауласында ойнап жүріп жоғалып кеткен.

Іздеуге 100-ге жуық адам шыққан. Олар баланың денесін арықтан тапқан.

«Кентке кіретін су жабылды. Суару каналындағы су көлемі азайғаннан кейін жоғалған баланың денесі оның үйінен 3 км қашықтықтан табылды. Болжам бойынша бала арнаға құлап, оны қатты ағыс алып кеткен», - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары азаматтарға әсіресе, жазғы демалыс кезінде балаларға жауапкершілікпен қарауды ескертті.