Қазақстанда бір аптаның ішінде 39 адам жол үстінде опат болған

24.12.2019 в 10:00

Көктайғақтың кесірінен 1000-нан астам көлік жолда қалып, оның 104-і апатқа ұшыраған

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше, көктайғақтың кесірінен 1000-нан астам көлік жолда қалып, оның 104-і апатқа ұшыраған. 158-адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы жағдайлардан кейін республиканың 11 өңірінде маңызды тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Министрдің айтуынша, көлік жүргізушілері ауа райына байланысты айтылған ескертулерге құлақ аспайды. Одан бөлек жазғы дөңгелектерін ауыстырмай жол шыққандары да бар екен.

Осыған орай, үкімет басшысы Асқар Мамин инфрақұрылымдық даму және ішкі істер министрліктері мен қатар жергілікті билікке, сондай-ақ «Қазавтожолға» азаматтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар жүктеді.

Tags: ДТП