Шығыс Қазақстанда жол апатынан 6 адам көз жұмды

09.05.2022 в 10:00

Кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген

Шығыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты 8 мамыр күні сағат 11.20 шамасында Жарма ауданы, Шар қаласының маңында Омбы – Майқапшағай республикалық тасжолының 475/846-шақырымында болғанын хабарлады.

"Ssang Yong Actyon маркалы автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан "Ваз-21014" көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан "Ваз-21014" көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал "Ssang Yong Actyon" көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген", деді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.