Қарағандыда жылыту қазандығы жарылды

18.02.2024 в 10:02

Салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциясы бұзылды

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 2 отбасы далада қалды. Ал ауруханаға жеткізілген екі адамның бірінің денесін 40 пайыз күйік шалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір азаматтың жағдайы өте ауыр. Оқиға кеше түнгі сағат 03:00 шамасында болған. Төбесі опырылып ортасына түскен үйден құтқарушылар 2 газ баллонын тапқан. Абырой болғанда, үйінді астынан 5 адам өз еркімен шыққан. Ал екінші баспанада жалғыз өзі тұратын азаматты үйдің қиранды тас қабырғалары басып қалыпты. Көршілер жан дауысы шыға көмек сұраған үй иесін құтқара алмай әбігерге түскен көрінеді. 1966 жылғы ер адам кейіннен жансақтау бөліміне жатқызылды.

– Бір қабатты 2 үйде бес литрлік газ баллоны жарылған. Құтқарушылар тұрғынды үйінді астынан алып шықты, сәл кешіксе, кім біледі көз жұмуы мүмкін еді, – деді Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Мұхаммед Рақымбаев.  

Оқи отырыңыз: Алматыда жанып жатқан қоймадан 7 газ баллоны сыртқа шығарылды