Алматыдан 322 шақырым жерде жер сілкінді

25.02.2022 в 10:15

Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС 25 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 04:41-де жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 322 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9; магнитудасы – 4.6. Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.