Атырау облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

25.07.2022 в 10:24

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 шілде күні сағат 23:00 шамасында болған.

«24 шілде сағат 23:00 шамасында Атырау - Орал тас жолында болған жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болды. Оқиға «Toyota Prado» және «ВАЗ-2114» автокөлігі арасында орын алған. Қазіргі кезде ҚК 345 балбымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулет.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.