Шарбақты ауданында он шақты оқушы асханада уланып қалды

15.09.2022 в 10:28

Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған

Шарбақты ауданында он шақты оқушы асханада уланып қалды. Төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

№2 ЖОМ оқушылары туралы алғашқы шұғыл хабарлама 9 қыркүйекте таңғы тоғызда санэпидемиологтарға тамақтан улануы мүмкін екені туралы Шарбақты ауруханасынан келіп түскен. Төртеуі күндізгі сағат үште медициналық көмекке жүгінді. Олардың барлығы -  жалпы білім беру мектебінің  оқушылары.

"Сол күні сағат 20:40-та осы мектеп оқушысынан соңғы шұғыл хабарлама  түсті.Балалар құсу, іштің ауыруы, диарея мен дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды", - деп хабарлады облыстық санэпидбақылау басқармасында. 

Тоғыз баланың ішіндегі ең кішісі - даярлық сынып оқушысы, ең үлкені – тоғыз сынып оқушысы.

Шарбақты аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Мекишевтің айтуынша, бес адамға қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, амбулаторлық емделуге жіберілді. Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Санэпидемиологтардың болжамынша, оқушылар мектеп асханасында улануы мүмкін, өйткені олардың бәрі сол жерде тамақтанған. Дегенмен мұндай болжам әлі расталған жоқ.

"Эпидемиологиялық тексеру барысында 7 және 8 қыркүйекте балалар рожки, котлеттер, қарақұмық, қызылша жеп, алма шырыны мен компот ішкені анықталды.Үйде  байланыста болған адамдардың барлығы аман", – деді облыстық санэпидбақылау басқармасында. 

Мамандар №2 ЖББМ асханасында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады, оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік қызметкерлерін тексереді.  Ауыз су мен өнімдерге талдау жасалады. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері әлі дайын емес. Бірақ №2 ЖОМ-да аспаздың жұмысқа рұқсаттың болмауы, тәуліктік сынамаларды сақтау шарттарының бұзылуы сияқты бірнеше бұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылған балаларда ShigellaSonne тектес бактериялар анықталды. Олар тамақтан улануы мүмкін екенін көрсетеді.

№2 ЖОМ-да тамақтан уланудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.