Павлодарда мектеп өртеніп жатыр: 600-ге жуық адам эвакуацияланды

21.04.2022 в 10:34

Оқиға орнында Төтенше жағдай департаментінің 50 қызметкері жұмыс істеп жатыр

21 сәуірде таңертең Павлодарда мектепте өрт шықты. Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Almaty.tv Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт Торайғыров көшесі, 24 мекенжайындағы 28 жалпы орта білім беретін мектептің ғимаратында шықты.

Өрт төрт қабатты мектептің екінші қабатында басталған. Шамамен ол жерде 200 шаршы метр алаң бар.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1975 жылғы мұғалім зардап шекті. Ол газдан уланды. Қазір мұғалімге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Өрт сөндірушілер келгенше 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551 оқушы бар.

Оқиға орнында Төтенше жағдай департаментінің 50 қызметкері жұмыс істеп жатыр. "От әлі сөндірілген жоқ. Өрттің себебі мен залалы анықталып жатыр", - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Айта кетері, 15 сәуірде Павлодардың 1 орта мектебінде өрт шыққан. Өрттің салдарынан бес оқушы зардап шекті, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Дереккөз: Sputnik.