Павлодарда ер адамды тоқ соғып, қаза тапты

08.07.2021 в 12:18

Қайғылы жағдай қаладағы ЖШС аумағында болған

Павлодарда ер адамды тоқ соғып, қаза тапты. Қайғылы жағдай қаладағы ЖШС аумағында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экструдерші оқиға салдарынан көз жұмған. 7 шілде күні сағат 13:54-те 38 жастағы ЖШС экструдершісі трансформаторда жұмыс істеген кезде тоқ соққан. Сараптама тағайындалды»,– дейді департаментте.