Ақтау маңында жол апатынан жүкті әйел қаза болды

03.10.2021 в 10:41

Тағы екі адам зардап шекті

Ақтау қаласының маңында екі көлік соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Маңғыстау стансасынан шыққан жолда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Өңірдің полиция департаментінің ақпаратынша, 2 қазан сағат 00:20-да LPG Trade газ құю станциясына қарама-қарсы бетте жол апаты болғаны туралы ақпарат түскен.

Анықталғандай, Маңғыстау теміржол стансасынан Ақтауға бет алған Daewoo Nexia жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Daewoo Nexia жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан әйел жүкті болған.

Зардап шеккен тағы екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр.