Атырау облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

06.05.2023 в 16:24

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 мамыр күні сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 64 шақырым тұсында жол апаты болғаны жөнінде хабар түсті.

Toyota автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылған.

Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.