Өскеменде «бомждар» жылынамыз деп біреудің үйін өртеп жіберді

07.06.2019 в 10:57

Өрт 5 маусым күні сағат 17.00 шамасында болған

Өскеменде үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастар иесіз үйді өртеп жіберді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Куәгерлердің айтуынша, өрт 5 маусым күні сағат 17.00 шамасында болған. Чернов көшесіндегі иесіз тұрған бос үйге кірген олар от жағып жылынбақшы болған, алайда оның соңы өртке ұласқан.

«Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайды. Үйді отқа ораған 46 жастағы ер адам мен 42-дегі әйел. Қызметкерлеріміз оқиға орнына жетпестен, қос қаңғыбас қашып үлгерген», – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.

Алайда, денелерін  күйік шалып, газға уланған олар емханаға жатқызылды.