Алматыда цехтан өрт шықты

15.07.2022 в 11:06

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Алматыда түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, бүгін таңғы сағат 06:59-да өрт сөндіру бөліміне Әуезов ауданының тұрғынынан Райымбек даңғылы, 348 мекенжайында өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.

«Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндіру бригадасы түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын цех төбесіне таралып үлгерген. Алдын ала ақпарат бойынша өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше өрт 08:57-де оқшауланды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін аталған ауданда бояу өнімдері тұрған гараж өртенген болатын.

Tags: жалын