Атырауда жүкті әйел қайтыс болды

11.08.2022 в 11:06

Әлеуметтік желіде осы жайтқан қатысты видео тарады

Атыраудағы медициналық мекемелердің біріндегі жүкті әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде осы жайтқан қатысты видео тарады. Автордың айтуынша, жүкті әйел ауыр жағдайда ауруханадан шығарылған.

"32 жастағы жүкті әйелдің өлімі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.