Меркі ауданында демалыс аймағы өртенді

21.05.2023 в 11:15

Қызыл жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды

Жамбыл облысының Меркі ауданында демалыс базасында тұтанған өрт толығымен өшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен (37 қызметкер және 12 техника) 21 мамыр күні, сағат 00:13-те оттың таралуы тоқтатылып, 01:25-те толығымен жойылды. Алғашқы бөлімшенің жеткен уақыты – сағат 22:16 (арақашықтық 14 шақырым). Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.