Алматы барахолкасы маңында қоймадан өрт шықты (видео)

17.02.2024 в 12:08

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеуде

Алматы барахолкасы маңында қоймадан өрт шықты. Қалалық ТЖД оқиғаның жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 17 ақпанда түске жақын болды. 

- Сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жетісу ауданы Көкмайса-27 шағынауданында жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде. Алдын ала мәлімет бойынша, қойманың төбесі жанған. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді, - делінген хабарда. 

Сағат 11:31-дегі жағдай бойынша, жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны (көлемі 25 л) шығарылған. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуымен күрделене түскен. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз: Бала күйіп қалды: Көкшетауда үйдің қазандығы жарылды