ШҚО-да жүк көлігі өртенді

03.07.2021 в 11:26

Оқиға орнына КамАЗ көлік цистернасымен өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері шықты

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» күре жолының 40-шы шақырымында келе жатқан «Volvo FH 12» жүк көлігі өртенгенін мәлім етті. «Өрт көлік қозғалтқышынан шығып, салонның 7,5 шаршы метрі жанған. Оқиғаның себебі – жоғары қаупі бар агрегатты абайсыз пайдалану», деп түсіндіріп өтті ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметінен. 

Оқиға орнына КамАЗ көлік цистернасымен өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері шықты. Олар жалынмен күресе отырып, жарылысты болдырмау үшін отын багын салқындатқан.

Tags: ШҚО