Атырау облысында жол апатынан бір отбасының 3 мүшесі мерт болды

11.03.2023 в 12:01

Қаза тапқандардың ішінде бір жасқа толмаған сәби бар

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 наурыз күні республикалық маңызы бар Ақтөбе - Атырау - Астрахань тасжолының 551 шақырым тұсында "Ларгус" және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуынан тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы болды.

Салдарынан оқиға орнында "Ларгус" автокөлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі және 1994, 2022 жылдары туған жолаушылары қаза тапты.

Сонымен қатар, УАЗ автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Оқи отырыңыз: Германияның Гаумбург қаласында атыс болып, 6 адам қаза тапты