Қарағанды облысында балалар жаппай уланып, бір бала көз жұмды

01.08.2023 в 11:37

Аты бала реанимацияда жатыр

Қарағандыда балалардың жаппай улануынан кейін барлық арнайы орталық тексеріледі. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағанбет әлеуметтік мекемеде уланған балалардың тамақтан ұшынбағанын жеткізді. Алғашқы тексеріс нәтижесінде осындай болжам жасалыпты. Ауыр жағдайды ескеріп, еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шұғыл түрде өңірге жолға шықты. Айта кетейік, Қарағандыдағы медициналық-әлеуметтік мекемеде уланған 12 баланың бірі қайтыс болып, алтауы қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Төрт жасөспірімнің жағдайы өте ауыр.

– Балалардың жағдайы өте ауыр. Барлығы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазір оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Зерттеу үшін сұйықтық алдық. Тағы 5 науқас нейробокс бөлімінде ем алып жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр, – деді облыстық Жұқпалы аурулар ауруханасы инфекциялық орталығының басшысы Ержан Жүнісов.

Оқи отырыңыз: Қызылордалық жігіт сүйген қызына ерегісіп, өзін өртеп жіберді