Ертіс өзеніне әйел адам екі баласымен батып кетті

26.08.2023 в 11:41

Оқиға орнында бес адам және екі техника жұмыс істеді

Павлодар ауылында Ертіс өзенінен құтқарушылар суға батқан әйел мен оның екі баласының денесін алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, 25 тамызда жеңіл көліктегі әйел екі баласымен бірге өзенге түсіп, өз бетінше шыға алмаған.

Мәйіттерді судан сағат 22:53-те шығарып алды. Балалардың анасы - 1980 жылы туған, марқұм балалар - 6 және 9 жаста.

Оқиға орнында бес адам және екі техника жұмыс істеді.

21 тамызда Сырдария өзеніне 11 адам, оның ішінде сегіз кәмелетке толмаған бала батып кетті. Марқұмдар бір әулеттің төрт отбасынан шыққандар.