Қарағандыда ұшақ құлап, 2 адам қаза болды

22.04.2019 в 11:42

Қазіргі таңда тергеу жүргізу амалдары басталды

Қарағанды облысында ұшақ құлап, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды  ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитет хабарлағандай, сағат 16.25-те жаттығу орындау және жерге қонуға бет алу кезінде жеңіл авиациялық FK14 Полярис ұшағы «Балапан» аэродромында апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан екі экипаж мерт болды.

Қазіргі таңда тергеу жүргізу амалдары басталды.