Анталья-Ақтөбе бағытындағы ұшақтың шассиіне құс кіріп кетті

31.08.2022 в 11:49

Әуе кемесін тексеру үшін Алматыдан арнайы инженер жіберілді

Бүгін FlyArystan компаниясына тиесілі Анталья-Ақтөбе бағытындағы КСХ 7820 рейсі қонатын кезде Аirbus A320 ұшағының шассиіне құс кіріп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Эйр-Астана әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, әуе кемесін тексеру үшін Алматыдан арнайы инженер жіберілді.

Осы оқиғаға баланысты Ақтөбе-Атырау бағытындағы КС 7292 рейсі алдын ала мәліметтер бойынша 3 сағат 50 минутқа, Атырау-Ақтау-Атырау бағытындағы KC7275/7276 рейсі 15 сағатқа кешігеді.

Жыл басынан бері Air Astana компаниялар тобының ұшақтары 99 рет ұшаққа соғылды.