Өрттен құтқарылғандар баспанаға орналастырылды

30.11.2023 в 11:55

Апатқа байланысты ТЖ департаментінде жедел телефон желісі іске қосылды

2023 жылдың 30 қарашасында сағат 11:30-дағы жағдай бойынша Алматы әкімдігі эвакуацияланған 56   тұрғынының 49-ын үш локацияға орналастырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Қалған 7 адам орналастырудан бас тартты. Барлығы тегін тұрады әрі тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істейді. Аудан әкімдігінің өкілдері және бала құқықтары жөніндегі уәкіл қолдау көрсетеді.

Хостелдегі өртке байланысты ТЖ департаментінде жедел  телефоны желісі жұмыс істейді: 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84.

Оқи отырыңыз: Қала әкімі өрттен зардап шеккендерді қолдау бойынша барлық шара қабылдауда