Жол апаты: мегаполисте 5 бірдей көлік соқтығысты

30.06.2023 в 12:00

Көлік жүргізушілері қатты жылдамдықпен келе жатқан

Алматыдағы Райымбек даңғылында Емцов пен Өтеген батыр көшелерінің арасында жол апаты салдарынан 5 бірдей көлік соғылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Hyundai Sonata көлігі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жолаушыны түсіріп, екінші қатардан кері бұрылмақ болған.

Бұл кезде Lexus көлігі даңғыл бойымен кері қарай кетіп бара жатқан, оның соңынан Daewoo Nexia және Mercedes келе жатқан.

Daewoo Nexia мен Hyundai соқтығысқан. Mercedes қатты жылдамдықпен келе жатып Nexia-ға соғылған. Nexia екпінмен жаяужолға шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Hyundai жолда айналып барып, Lexus-ке, сонан соң Chevrolet Cobalt көлігіне соқтығысқан.