Ресейдің Новосибирск қаласында атыс болды

10.03.2020 в 18:01

Екі ер адамның ерегесі бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Оқиға 8 наурыз кешке орын алған. Екі ер адамның ерегесі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда автотұрақта екі азаматтың жанжалдасқанын байқауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Артынша біреуі қолына автомат алып, қарсыласына қарай бағыттап, ата бастайды. Ал, денесіне оқ өтпейтін жігіт қару асынған азаматтан автоматын алуға тырысады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам бос патрондармен атыпты. Ресейдің мемлекеттік басқармасы Новосибирск облысы бойынша ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын айтты.