Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы ЖЭС-те энергоблок жөнделді

06.07.2023 в 12:03

Жұмыс тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының Жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05:51-де іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі серіктестіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары 4 шілдеде, энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң, сағат 21:50-де басталған. Жұмыс тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.

Мамандардың уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілмеді. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен өңірдегі елдімекендердің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.