Талдықорған жанындағы айналма жолда жүргізуші екі адамды мерт қылды

08.01.2023 в 12:16

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Талдықорған жанындағы айналма жолда жүргізуші екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Алматы – Өскемен тас жолының 263-шақырымында Nissan Cefiro автокөлігінің қатысуымен болған.

Шетелдік көліктің 33 жастағы жүргізушісі екі ер адамды басып кетіп, олар оқиға орнында бірден көз жұмды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Адам өліміне әкелген апаттың барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.