Алматыда ұшақ апатына қатысты жедел желі құрылды

27.12.2019 в 19:32

Оның нөмірі 278 20 83 және 278 20 84, Алматы қаласының коды 727

Қазіргі уақытта оған 80-ге жуық адам хабарласқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің хабарлауынша, онда жолушылардың туыстары мен таныстары телефон соғып, толығырақ ақпарат алып жатқан көрінеді.

«Таңғы 8.00-ден бастап Төтенше жағдай департаментінде қауырт желі телефондары қосылды. Бүгінге дейін 76 қоңырау келіп түсті. Олар зардап шеккендердің, қаза болғандардың тізімі бойынша, донорлық, гуманитарлық көмек бойынша хабарласты», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА.