Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 60 жастағы тұрғын уланып қалды

29.06.2021 в 12:25

Өрт сағат 15.16-те сөндірілді

Қызылордада көп қабатты үйде болған өрттен уланған 60 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 28 маусымда жергілікті уақыт 14.44-те Қызылорда қаласындағы «Астана» шағын ауданындағы тұрғын үйдің 5-қабатында өрт шыққан. Қызыл жалынның 4-5-қабаттардағы өзге де пәтерлерге таралу қаупі туындады.

«Өрт сағат 15.16-те сөндірілді. Көппәтерлі үйден 26 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың ішінде 14 бала. Улы газға уланып қалған 1961 жылғы тұрғын қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.