Шымкентте "Нұрсат сити" сауда үйі отқа оранды

28.10.2021 в 14:36

Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ

Шымкент қаласындағы "Нұрсат сити" сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv Шымкент қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"101" пультіне 22.07-де өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минутта жетті. Төтенше жағдайлар департаментінің 26 қызметкері мен 6 өрт сөндіру техникасы, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, полиция департаментінің 3 қызметкері мен 5 техникасы, электр желісінің авариялық қызметінің 1 бригадасы тартылды. Қызыл жалын сағат 22.40-та толық сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады", – делінген хабарламада.

Қызыл жалын нысанның 50 шаршы метр аумағын шарпыған. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр.