Қызылорда облысында көлік түйеге соғылып, бір адам көз жұмды

17.12.2022 в 12:38

Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды

Қызылорда облысында көлік түйеге соғылды. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы аумағында болған.

«Жол бойында «Мазда-626» автокөлігі түйе малын қағып кеткен. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамасы тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.