Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды

21.01.2020 в 12:40

Марқұмның Орал қаласының тұрғыны екені анықталды

Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашовқа сілтеме жасап.

«Қалалық полициядан алынған ақпаратқа сәйкес, қыз ваннада асылып тұрған жерінен табылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Республикасының елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның туыстарына барлық консулдық және құқықтық көмек көрсетуге дайын», - деді Алмашов.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, марқұм Орал қаласының тұрғыны болып табылады.