Алматыда жолды кесіп өтпек болған ер адам апаттан көз жұмды

12.11.2023 в 12:48

Қатты соққыдан жүргінші бірнеше метрге ұшып кеткен

12 қараша күні таңертең Алматыдағы Сайын көшесінде 28 жастағы жігіт жол апатының құрбаны болды. Ол Жандосов көшесінің қиылысында тоннелдің жанындағы көшені кесіп өткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы сағат 5 шамасында Chevrolet Nexia көлігі Сайын көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші Жандосов көшесінің қиылысындағы тоннелден енді ғана шыққанда, оның алдынан күтпеген жерден жас жігіт шыққан. Жүргізуші адамды қағып кетпеуге тырысқанымен, бетон қоршау оған кедергі жасап жігітті қаққан. Қатты соққыдан жүргінші жолдан бірнеше метрге ұшып кеткен және алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт жолды жерүсті өткеліне жетпей, рұхсат етілмеген жерден кесіп өткен.

Оқи отырыңыз: Шаһардағы қоғамдық көліктер бағытын уақытша өзгертеді