Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты

15.11.2022 в 12:52

Желіде Мұхтар Шахановты қарттар үйіне тапсырыпты деген ақпарат тараған болатын

Желіде Мұхтар Шахановты қарттар үйіне тапсырыпты деген ақпарат тараған болатын. Мұхтар Шаханов бұл ақпаратты жоққа шығарып, өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, түрлі адамдармен түскен суреттерім бәрі тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін. Оларды керек болса, сотқа беремін. Өйткен себебі, менің әйелім Ханшайым мен дегенде ішкен асын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында, Құдайға шүкір, осылай аман-сау келе жатырмын. Сондықтан маған осындай былапыт сөздер айтып, менің абыройымды төккен адамдарды керек болса, халықаралық сотқа беремін",- деді Шаханов.