ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кететінін мәлімдеді

27.08.2021 в 12:52

Министр отствкаға кету туралы шешімді Тараздағы жарылыс туралы естігеннен кейін бірден қабылдағанын мәлімдеді

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Тараз маңындағы әскери бөлімде болған жарылыстан кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Қорғаныс министріне қазіргі таңда төтенше жағдайдың салдарын жою маңызды. Содан кейін ол отставкаға өтініш беруге дайын. Бірақ шешімді мемлекет басшысы қабылдайды», – деді баспасөз қызметіндегілер.

Желіде тараған видеода министр отствкаға кету туралы шешімді Тараздағы жарылыс туралы естігеннен кейін қабылдағанын мәлімдеді.

«Мен осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта өзім үшін шешім қабылдадым. Мен отставкаға беремін, отставканы сұраймын. Қалғанын жоғары басшылық шешеді», – деді Ермекбаев.

Еске салсақ, 26 тамызда кешке Жамбыл облысында әскери бөлімнің қоймасында өрт басталды. Артынша оқ-дәрі жарылды. Төтенше жағдай салдарынан төрт әскери қызметкер қаза болды. Жақын маңдағы ауыл тұрғындары Таразға көшірілді.