Павлодар облысында бұқа өз иесін сүзіп өлтірді

12.09.2019 в 13:01

Марқұм небары 62 жаста болатын

Оқыс оқиға 11 қыркүйекте Павлодар облысының Ақсу ауылдық аймағына қарасты Ақжол ауылында болды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қорада тұрған бұқа сыртқа атып шығып, далаға қарай жүгіреді. Оны көрген үй иесі қайтару үшін артынан жүгірген», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әкесі кешігіп кеткен соң уайымдаған ұлы артынан шығады. Алайда әкесінің өзін емес, ауыл шетінде жатқан денесін табады. Дене жарақаттарының сипатынан асыл тұқымды бұқа қожайынын сүзіп өлтіргені байқалады. Марқұм небары 62 жаста болатын.

Полицияның мәліметінше, бұл факт тіркелген, сараптама тағайындалды.