Бір адам қаза болды: Оралда көлік ұрлаған ер адам жол апатына себеп болды

20.01.2023 в 13:21

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Оралда көлікті айдап кеткен жолаушы жол апатын жасап, қаза болды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Таңертең патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесінде Lexus 570 көлігін тоқтатқан.

"Жүргізуші патрульдік көлікке барған сәтте Lexus жолаушысы рөлге отырып, жасырынуға тырысқан. Абай даңғылы мен Исатай-Махамбет көшесінің қиылысында ол үйге соғылып, газ құбыры мен екі электр бағанасын бұзды. Көлік басқарған ер адам оқиға орнында қаза болды",  делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.