Жетісу облысында 2 жасар қызды жүк көлігі басып қалды

20.09.2022 в 13:26

18 қыркүйек күні аудандық полицияға сәбидің өлімі туралы хабар түскен

Жетісу облысында 2 жасар қызды жүк көлігі басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Қайғылы жағдай Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылында болған. 18 қыркүйек күні аудандық полицияға сәбидің өлімі туралы хабар түскен.

Кейін мәлім болғанындай, екі жасар қызды DAF маркілі көлігі басып қалған. Көліктің жер үйлердің бірінің ауласына жөндеуге қойылғаны белгілі болды.

Кербұлақ аудандық полициясы аталған жағдай бойынша жан-жақты тексеру жүргізді. Тергеу ҚР ҚК-нің 141 бабы, 2 бөлігі (Баланың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін талапқа сай атқармаған) бойынша жүргізліп жатыр.

Дереккөз: Polisia.kz