ТЖ қызметкерлері бір тәулікте 43 адамды құтқарды

07.01.2024 в 13:28

Мамандар азаматтарды өрт қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауға шақырды

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 152 шақыртуға шықты. Оның 73-і өрт оқиғасы, 79-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа жағдайлар, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. .

Нәтижесінде 43 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Абай болыңыз: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады