Түркістанда Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы мейрамхана өртенді

16.06.2022 в 13:48

ҚР ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын ғимараттың екінші қабатынан шыққан

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы мейрамханасы өртенді. Тілсіз жау қоғамдық тамақтану орнының 400 шаршы метр аумағын шарпыған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтемп жасап.

ҚР ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын ғимараттың екінші қабатынан шыққан. Сөйтіп ғимараттың шатырына қарай өткен. 

«Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 12.50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтыланып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ» делінген хабарламада.