Астанада 2 жасар қыз терезеден құлап, аман қалды

07.05.2023 в 15:14

Қыз бала ауруханаға жатқызылды

6 мамыр күні Астанада Байтұрсынов 37 көшесінде 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.

Қуанышқа орай көршілері сыртта құлайын деп тұрған баланы уақтылы көріп қалып, көрпе жайып тұрып баланы қағып алады. Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.