Әуеден 130 рет су төгу арқылы Алматы облысындағы өрт сөндірілді

25.04.2024 в 17:29

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының Балқаш ауданындағы 5 күн бойы лаулаған дала өрті сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, қазір ол аумақты орманшылар мен жергілікті тұрғындар қарауылдап жүр, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Қызыл жалынды толық өшіру үшін мамандар әуеден 130 рет, жалпы 390 тонна су төккен екен. Айта кетсек, дала өрті 19-ыншы сәуірде тұтанып, 31 гектар орман қорына тарады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

- Өрт ошақтарын дереу сөндіруге аумақтағы шалшық пен жел кедергі болды. Тиісті жұмысқа төтенше жағдайлар қызметімен қоса, басқа да басқарма мамандары жұмылды. Дрондар мен тікұшақты қолдандық. Қамыс пен құрғақ шөп өрті сөндірілді, - деді ТЖД Басқарма бастығы Павел Сачков.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар үйі мен қоршауларын қалай жаңартты